Заң

БҚО-да кітапхана есепшілері 45,9 млн теңге жымқырған

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді

Батыс Қазақстан облысында екі кітапхана есепшісі сотқа тартылды. Олар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы «Мой город» порталы жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мәлімет бойынша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі мен есепшісі қылмыстық келісім жасап, 2023-2025 жылдар аралығында «өлі жандарға» жалақы төлеген. Содан кейін олар ақшаны өздерінің шотына аударған. Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке 45,9 млн теңге залал келген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.