Заң

Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды

Бұл нормалар «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілген өзгерістер негізінде бекітілген.

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімді қоғамдық орындарда киюге тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz  orda.kz сілтеме жасап.

Тыйым заңда көрсетілген ерекше жағдайларды қоспағанда, барлығына бірдей қолданылады.

Бет-жүзді жабуға тек мынадай жағдайларда рұқсат беріледі:

– заң талаптарын орындау кезінде;
– қызметтік міндеттер бойынша;
– медициналық көрсеткіштерге байланысты;
– ауа райынан қорғану үшін;
– азаматтық қорғаныс мақсатында;
– спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде.