"Дубайда ұсталды": 300 млн теңгеден асатын мұнайды заңсыз сатқан күдікті экстрадицияланды
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Айта кетейік, 2024 жылы бұл қылмыстың сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.