Заң

Елімізде құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді

Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады

Алматы облысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған бейнебаян түсірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады.

Бейнебаянның негізгі идеясы — заң талаптарын мүлтіксіз орындау және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрметті нығайту. Авторлардың айтуынша, тәртіп әрбір азаматтың «заң — ең жоғары құндылық» деген ішкі сенімінен басталуы тиіс.