жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Есірткіге қарсы күрес: 15 күдікті қамауға алынды

Есірткіге қарсы күрес: 15 күдікті қамауға алынды
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылдың қазанынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі саудасының жолын кесуге қатысты 10 операция жүргізіп, нәтижесінде есірткіні жеткізудің 3 халықаралық және 3 аймақтық арнасы, сондай-ақ жасырын зертханасы мен есірткі плантациясы жойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

«Заңсыз айналымнан 622 кг есірткі, соның ішінде психотроптық заттар, гашиш және марихуана тәркіленді. Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен соттың санкциясымен 12 Қазақстан азаматы мен 3 шетелдік қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар