Заң

Қостанайлық азамат үйінде бір келі гашиш сақтаған

Есірткі заты тінту кезінде анықталды

Қостанай облысында "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер ірі көлемде есірткі затын сақтаған деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген шара кезінде күдікті қаладағы гараждардың бірінде ұсталған. Тінту барысында одан салмағы бір келі болатын гашиш табылып, тәркіленді.

Медициналық сараптама ер адамның есірткі қолданғанын растады. Ал сот-химиялық сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың гашиш екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.