Заң

Павлодарда заңсыз айналымнан 11 келі есірткі тәркіленді

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынған

Павлодар облысында заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz мәлімдегендей, Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізген арнайы жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде Ақсу қаласында ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден салмағы 11 келі болатын өсімдік тектес есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ведомство заңсыз есірткі айналымына қарсы күресте көмектесетін кез келген ақпаратты "102" нөмірі арқылы немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырады.