“Заң мен Тәртіп”: Таразда “Қоғаммен байланыс” акциясы өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
- 267
Тараз қаласында “Заң мен Тәртіп” қағидасын жүзеге асыру мақсатында облыс прокурорының бірінші орынбасары А.Күренкей уәкілетті органдармен бірлесіп, Жалпақтөбе алқабындағы Мәдениет үйінде “Қоғаммен байланыс” акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Акция барысында тұрғындарға қолданыстағы заңдар мен нормалар түсіндіріліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық берілді. Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша прокуратура, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдар мамандарынан тікелей кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Жер мәселелері, әлеуметтік көмек, отбасы құқығы, кәсіпкерлік пен әкімшілік процестерге қатысты өтініштер қабылданып, әрбір тұрғынға нақты құқықтық түсініктеме берілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және мемлекеттік органдардың ашық жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да талқыланды.
Алдағы уақытта осындай кездесулер өңірдің басқа елдімекендерінде де жалғасын табатыны атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2026
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден қуылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2026






