Жаңа жылда отшашу қолданғандарға қанша теңге айыппұл салынады
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қараша, 2025
- 376
Алайда тұрғындардың көңіл көтеру мақсатында аулада немесе көшеде рұқсатсыз пиротехника қолдануы заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін көпшілік біле бермейді. Әсіресе түнгі уақытта шу шығару, тыныштықты бұзу және қауіпсіздік талаптарын сақтамау айыппұл салуға негіз болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, арнайы белгіленбеген жерлерде отшашу қолданған азамат ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл жағдайда пиротехникалық заттар тәркіленіп, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Биыл бұл сома — 78 640 теңге.
Егер отшашу түнгі уақытта атылып, тұрғындардың тыныштығын бұзса, бұзушылық ӘҚБтК-нің 437-бабы аясында қаралады. Мұндай әрекет үшін 5 АЕК, яғни 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.
Кәсіпкерлерге қатысты талаптар бұдан да қатаң. Пиротехниканы заңсыз немесе тиісті құжатсыз сатқан жағдайда айыппұл көлемі 25 АЕК — 98 300 теңгеге дейін жетеді. Ал егер бұдан да ауыр заңбұзушылықтар анықталса, айыппұл мөлшері 100 АЕК, яғни 393 200 теңгеге дейін ұлғаяды.
Мамандар пиротехниканы тек рұқсат етілген сауда нүктелерінен алуға кеңес береді. Сонымен қатар отшашуды үй ішінде, пәтердің кіреберісінде немесе жабық ғимараттарда пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескерген жөн.
Қысқасы, мереке қарсаңында қауіпсіздік талаптарын елемеу тек өзіңізге ғана емес, айналаңызға да зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан отшашуды қолданғанда заңды да, қауіпсіздікті де есте сақтау маңызды.






