2027 жылға дейін Жамбылда 9 мың пәтер пайдалануға беріледі
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қараша, 2025
- 211
Биыл өңірде жалпы 52 тұрғын үй нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 50-і жыл соңына дейін пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша 63 жоба іске асырылып, олардың басым бөлігі биыл аяқталады.
Облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, 2027 жылға дейін өңірде 9 мың пәтерге арналған 153 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл — тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудегі нақты нәтиженің көрсеткіші.
Өткен жылы 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 104,5 пайыздық өсімге жеткен. Ал 2025 жылы 765 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне ұсынылмақ.
Биылдың өзінде 2 190 пәтерлік 46 көпқабатты үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Ұлы дала» ықшамауданында, сондай-ақ Асқаров көшесі мен 14-ықшамауданда жаңа үйлер бой көтеруде. Қазіргі уақытта 480 пәтерлі 9 әлеуметтік тұрғын үй пайдалануға берілген.
Сонымен қатар республикалық және облигациялық қаражат есебінен 1 415 пәтер сатып алу жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдің барлық ауданында жүйелі түрде жүргізілуде.
Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысының және әлеуметтік бағдарламалардың тұрақты жүзеге асуы өңір тұрғындарының өмір сапасын арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






