жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

500-ден астам жол-құрылыс материалдарынан сынама алынды

500-ден астам жол-құрылыс материалдарынан сынама алынды
Фото - ашық дереккөз
Жалпы, Жамбыл облысы бойынша автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы – 8 612 шақырымды құрайды

Биыл «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» құрылғанына 6 жыл. Осынау мерзім ішінде аталған орталықтың өңір-өңірлердегі филиалдарының қызметкерлері нәтижелі жұмыс істеп, кездескен кедергілерді еңсеруге күш салып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Есепті кезеңде жамбылдық жолшылар республикалық желі бойынша 33 нысанға 300 инспекция ұйымдастырып, 407 сынама алған. Нәтижесінде, 21 сынама сәйкессіздік  көрсетіп,  15-і түзетілген. Өңірлік филиалдың сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, мұндай жұмыстары облыстық және аудандық желі бойынша да жүргізілген.

– Дәл осы кезеңде облыстық желі бойынша 8 нысанға 17 инспекция ұйымдастырылып, 143 сынама алынды. 17 сынама сәйкессіздік  көрсеткен. Барлығы 2 ақау анықталып, 2-уі де жойылған. Ал аудандық желі бойынша 11 нысанға 23 инспекция ұйымдастырылып, 121 сынама алынған. Оның 74-і сәйкессіздік  көрсетіп, 46-сы жойылған. 12 ақау анықталып, әзірге 2-уі жойылған, – деді Мадияр Айбынұлы.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар