Жамбыл жаңалықтар

Адам құқықтары күні: Таразда жазасын өтеушілерге дәріс оқылды

Жыл сайын 10 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық адам құқықтары күні – 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген адам құқықтарын қорғау мен насихаттауға арналған. Бұл күн – тегіне, жынысына, ұлты мен діни сеніміне қарамастан, барлық адамдар үшін бостандық, теңдік және әділдік үшін күрестің символына арналған. Бүгінгі таңда аталған құжат дүниежүзінің түкпір-түкпірінде олардың танылуына жол аша отырып, халықаралық адам құқығының ілгерілеуіне ықпал етті.

Атаулы күн қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №67 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге дәріс оқылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Онда Ұлттық алу тетігінің басшысы Дмитрий Халидов тәуелсіз мемлекетімізде адам құқықтарының өзекті мәселелерін талдауға және олардың еңсеруге барынша жағдай жасалғанын жеткізді. Ол өз сөзінде адамның негізгі құқықтарын белгілейтін әмбебап құжаттың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Өз кезегінде арнайы контингент өкілдері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.