Байзақта Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған облыстық айтыс өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қыркүйек, 2025
- 355
Ауған соғысының ардагері, айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған «Алты Алашқа танылған ақын еді» атты VII облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биылғы дода Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «AMANAT» партиясының қолдауымен, Байзақ ауданы әкімдігі мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Онда алдымен аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев құттықтау сөз сөйлеп, ақындардың өнеріне сәттілік тіледі. Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен жыр сайысына облысымыздың барлық аудан-қалаларынан 16 айтыскер ақын қатысты.
Жыр додасында ақындар жұп-жұп болып сахнаға шығып, тапқырлық пен суырыпсалмалық өнерін көрсетті. Айтыс барысында ақындар елдік мәселелерді көтеріп, халықтың бірлігін, ұлттық құндылықтарды жырға қосты. Әзімбек ақынның рухына арналған арнаулар да айтылып, кештің мән-маңызы арта түсті.
Тартысты өткен айтыс нәтижесінде ІІІ орынды – Меркі ауданынан Мұқағали Балтабай, Т. Рысқұлов ауданынан Тұрсынбай Айтбек, Тараз қаласынан Дидар Апбасов, ІІ орынды – Байзақ ауданынан Дидар Басықараев, Т. Рысқұлов ауданынан Асхат Қылышбек, І орынды – Жуалы ауданынан Қанат Мырзахан, ал бас жүлдені – Байзақ ауданынан Рай Дөңбай иеленді. Аудан әкімі Олжас Баққараев сахна төріне көтеріліп, жеңімпаздарға Диплом, Алғыс хат және ақшалай сыйлықтарды табыс етті.
Елімізде 15 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






