«BI Group» компаниясы Таразға 100 түп сакура ағашын тарту етті
Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігі мәлім етті.
Тараз қаласында көгалдандыру жұмыстары аясында маңызды экологиялық бастама жүзеге асуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«BI Group» құрылыс компаниясының қолдауымен шаһарға 100 түп сакура ағашы сыйға тартылды.
Сакура көшеттерінің тұқымы Бельгиядан жеткізілген. Ал олар Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделуі үшін Шымкент қаласындағы «Ақ қайың» жылыжайында арнайы өсірілген. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл ағаштардың жергілікті ауа райына төзімділігін арттырады.