Жамбыл жаңалықтар

«Бір күн арнайы қызметте»: облыстық әскери-патриоттық чемпионат өтті

Жамбыл облысы бойынша іріктеліп келген 150-ге жуық жасөрендер бір айға жуық дайындықтан кейін «Тараз Арена» спорт кешенінде өзара күш сынасты.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде 11-сынып оқушылары арасында «Бір күн арнайы қызметте» атты көпсайыстан облыстық чемпионат өтті.

Жарыстың мақсаты – жастардың әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік сезім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жасөспірімдердің белсенділігі мен елге деген сүйіспеншілігін жоғары бағалады.

Чемпионат барысында оқушылар түрлі спорттық және әскери-қолданбалы жаттығулар бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен командалар алғыс хаттармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.