жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Жамбыл облысы әкімдігі талапкерлерге 215 грант бөлді

Биыл Жамбыл облысы әкімдігі талапкерлерге 215 грант бөлді
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі мәлім етті.

 2025-2026 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Биыл Жамбыл облысы әкімдігі талапкерлерге 215 грант бөліп отыр. 

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет.

Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады.

 Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар