Жамбыл жаңалықтар

"Дәрігерлер ақша сұратқан": Жамбылда жаңа туған сәби шетінеп кетті

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған сәби шетінеп кетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  astanatv.kz сілтеме жасап.

Ал сәбидің анасы ауыр халде, ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің туыстарының айтуынша, аяғы ауыр келіншектен  акушерлер кесір тілігін жасау үшін 20 мың теңге сұраған. 

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаева жүктіліктің 41 аптасында облыстық перинаталдық орталыққа келген. Ол бұған дейін аудандық ауруханада болып, толық тексеруден өткен. Ондағы дәрігерлер құрсақтағы баланың дені сау екенін айтып, облыстық перинаталдық орталыққа кесір тілігін жасатуға жіберген. 

Гүлім Оразбаеваның жақындарының айтуынша, перинаталдық орталықтың қызметкерлері әйелдің медициналық картасын да ашып қарамай, жеті күн жатқызып қойған. Өмірге келген шақалақ бір сағаттан соң шетінеп кеткен. 

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Жолдасы дәрігерлер онан ақша сұрағанын айтады, соны бермегендіктен осындай болды дейді.