Жамбыл жаңалықтар
Дауыс беру белсенді жүріп жатыр - байқаушы
- авторМағжан Орынбасар
- 15 наурыз, 2026
- 116
Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтуде.
Тараздағы №58 референдум учаскесінде дауыс беру белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Таңғы 07:00-де жұмысын бастаған №58 референдум учаскесінде жұмыс қызу. Байқаушы Дариға Абдраимова дауыс беру процессі ашық әрі заң аясында өтіп жатқанын айтты.
Жалпы аталған уческеде 1700-ден аса дауыс беруші тіркелсе, аздаған уақыт ішінде 130-ға жуығы таңдау жасап үлгерген.
Сонымен қатар бірқатар азаматқа онлайн қызмет көрсетілген.
Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумның 513 учаскесі ашылды. Барлық учаскелер өз жұмысын 07:00-де бастады. 20:00-ге дейін ашық болады.






