бейсенбі, 5 ақпан, 2026 19:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Меркі жастарымен жаңа Ата Заң жобасын талқылады

Ербол Қарашөкеев Меркі жастарымен жаңа Ата Заң жобасын талқылады
Фото - Jambylinfo.kz
Жиында бірқатар ұсыныс айтылды

Бүгін Меркіде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аудан жастарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиында облыс басшысы елімізде болып жатқан саяси қадамдар, Конституцияға жасалып жатқан өзгерістер туралы айтты. Сонымен қатар еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жастардың алар орны ерекше екенін жеткізген облыс әкімі Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып өтті.

Мұнан соң Меркі аудандық жастар ресурстық орталығы мекемесінің директоры Нұрбек Жұманазаров Конституциялық өзгерістерді толық  қолдайтынын айтып,  жаңа қадам ел дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ белсенді жас Ақбөпе Төленқызы кадр саясаты, ел бірлігі, Парламенттік реформа туралы ой-пікірін ортаға салды.

 Басқосуды облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы қорытындылап, еліміздегі жаңа қадамдарға деген белсенділіктері мен оң пікірлері үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар