сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 20:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев «Ой шебері» зияткерлік ойынының жүлдегерлерімен кездесті

Ербол Қарашөкеев «Ой шебері» зияткерлік ойынының жүлдегерлерімен кездесті
Фото: gov.kz
«Ой шебері» – өңірде интеллектуалды ортаны қалыптастыруға және білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған зияткерлік ойын

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев екінші рет ұйымдастырылған «Ой шебері» зияткерлік ойынының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өңір басшысы өз сөзінде бұл байқау балаларды шыңдап, ізденіске жетелеп, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ жеңімпаздардың ұстаздары мен ата-аналарына алғыс білдірді.

Биылғы білім бәйгесінде 2 мыңға жуық оқушы бақ сынап, қазақ әдебиетінің 112 шығармасымен терең танысты. Қатысушылар ойын ережесіне сәйкес 5 адамнан құралған топтарда (4 оқушы, 1 жетекші) өзара сынға түсті.

Финалдық кезеңге Тараз қаласы мен аудандардан іріктелген 20 команда (76 білім алушы) жолдама алды.

Зияткерлік ойының қорытындысы бойынша І орынды Жамбыл ауданы Айша бибі орта мектебінің командасы иеленді. ІІ орын Т. Рысқұлов ауданы Болтай батыр атындағы орта мектебінің оқушыларына бұйырды. Ал ІІІ орынды Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы мен Сарысу ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының командалары өзара бөлісті.

Облыс әкімі жоғары нәтиже көрсеткен жүлдегерлер мен олардың жетекшілеріне MacBook, iPad және планшет секілді бағалы сыйлықтарды табыстап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар