Жамбыл жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев тыл ардагері мен еңбек адамын әйелдер күнімен құттықтады

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тыл ардагері Фарида Алтаева мен еңбек адамы Раушан Ережепованың шаңырағына арнайы барып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Фарида Алтаева 1930 жылы дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, 37 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, білім саласында жемісті еңбек етті.

Өмірлік серігі – қоғам қайраткері, марқұм Баттал Жаңабаевпен бірге ел дамуына өзіндік үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бүгінде 2 қыз, 1 ұлдан тараған немере-шөберелерінің қызығын көріп отыр.

Өңір басшысы ардагер ұстаздың өнегелі өмір жолына тоқталып, ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ Қант зауытында ширек ғасырға жуық еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған Раушан Ережепованы да көктемнің көркем мерекесімен құттықтады.

Аймақ басшысы Ережеповтар әулеті еңбегімен және татулығымен танылған өнегелі отбасы екенін атап өтті.