сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025 21:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото - ашық дереккөз
Әкім жеке парақшасына құттықтауын жариялады

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді ел тағдырындағы ең қастерлі мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік күні – азаттықты аңсаған бабалар арманының ақиқатқа айналған сәті, елдік пен еркіндік еңсесін тіктеген тарихи кезең. Бұл – сан ғасырлық күрес пен сабырдың, төзім мен табандылықтың нәтижесінде келген ұлы жеңіс. Тәуелсіздік – халқымыздың рухын асқақтатып, санасын жаңғыртқан мәңгілік құндылық. Егемендік жылдарында Қазақстан әлем картасынан өз орнын айқындап, бейбітшілік пен келісімнің, татулық пен тұрақтылықтың берік үлгісін көрсете білді.

Мемлекетіміздің іргесі бекіп, экономикасы нығайды, руханияты кемелденді. Көк байрағымыз халықаралық мінберлерде желбіреп, Әнұранымыз төрткүл дүниеде шырқалды. Бұл – бірлік пен сенімнің, елдік мұратқа адалдықтың айқын көрінісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы». Бұл сөз әрқайсымызға жүктелген жауапкершіліктің салмағын айқындай түседі. Осы мерейлі күні өткенге тағзым етіп, бүгінгі тыныштық пен тұрақтылықтың бағасын біліп, ертеңге сеніммен қадам басайық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, айбынымыз асқақ, болашағымыз баянды болғай!

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар