сенбі, 20 желтоқсан, 2025 18:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ертең Жамбыл облысында ауа райы қандай болады

Ертең Жамбыл облысында ауа райы қандай болады
istockphoto.com
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

21 желтоқсанда Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында, ал күндіз солтүстігі мен таулы өңірлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15–20 метрге дейін жетіп, түнде және таңертең екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Тараз қаласында да 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Бұл жол қозғалысына және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, алыс жолға шықпауға және ауа райы туралы ескертулерді назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар