Жамбыл жаңалықтар
“Интернет баяу”: Ербол Қарашөкеев тұрғын көтерген мәселені тез арада шешуді тапсырды
- авторБақытжан Бекболат
- 30 желтоқсан, 2025
- 106
Басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектері тыңдалды.
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында аудан тұрғыны интернет пен байланыстың нашар екенін айтты.
Аталған шағымға жауаптылар “алдағы жылы шешіледі” деп жауап берді.

Аймақ басшысы мәселе қадағалауда болатынын жеткізіп, жергілікті атқамінерлерге нақты тапсырма жүктеді.
Сонымен қатар басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектері тыңдалды.
Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген түйткілдерге қатысты нақты жауаптар берді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастармен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында пиротехникалық өнімдерге қатысты рейдтер басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 желтоқсан, 2025




