жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,1 пайызға өсті

Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,1 пайызға өсті
Фото - ашық дереккөз
Сала бойынша өңірде 3,3 млн тонна өнім жиналған

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 458,5 млрд теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жеткен. Ербол Қарашөкеев баспасөз алаңында осылай деді. Сонымен қатар сала бойынша өңірде 3,3 млн тонна өнім жиналған.

-  Оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 млн.тонна көкөніс дақылдары, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары. Қант қызылшасы алқабының 88,1%-ы  жиналып,                  207 мың тонна өнім алынды. Қант қызылшасын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 6,9 млрд. теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5,3 млрд. теңге күтілуде. 762 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы  (348 өздігінен жүретін, 414 аспалы және тіркеме) сатып алынды. Нәтижесінде, ауылшаруашылығы техникасын жаңғырту деңгейі 5,6%-ды құрады. Мал шаруашылығында ет өндірісі  - 2,7%-ға, сүт - 1,6%-ға артты. 888,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, оның ішінде                    410 мың тонна пияз. Пияз экспорты бойынша облыс көшбасшы болуда. 61,8 мың га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы бағытындағы  жер телімі қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы 3,2 млрд. теңгеге 437 жоба қаржыландырылды, - деді облыс әкімі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар