Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,1 пайызға өсті
Сала бойынша өңірде 3,3 млн тонна өнім жиналған
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 458,5 млрд теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жеткен. Ербол Қарашөкеев баспасөз алаңында осылай деді. Сонымен қатар сала бойынша өңірде 3,3 млн тонна өнім жиналған.