Әкім тапсырмасы: Жамбылда тұмауға байланысты қандай шаралар қабылдануда
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2025
- 810
Жамбыл облысында оқушылар арасында тұмау және ЖРВИ сырқаттанушылық деңгейінің көтерілуіне (14,5%) байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, тиісті шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазіргі таңда бірқатар мектептерде оқу процесі уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Соңғы жағдайға сәйкес облыс бойынша:
16 мектеп толық, 2 мектептің жекелеген сыныптары (36% және 68%) онлайн оқуға көшірілді.
Атап айтқанда:
Меркі ауданында №2 Аспара мектебінде 17 сыныптың 12-сі 14–20 қараша, 5 сыныбы 19–25 қараша аралығында (228 оқушы) онлайн оқуда.
Сондай-ақ, №4 мектептің 33 сыныбының 12-сі және №8 мектептің 22 сыныбы 19–25 қараша аралығында қашықтан оқытылуда.
Талас ауданында №1 мектеп-лицей, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия, М.Әуезов атындағы орта мектеп онлайн форматқа ауыстырылды.
Тараз қаласындағы №2, 10, 11, 18, 19, 26, 27, 32, 35, 64 мектептері,
№52 және Қоңыртөбе бастауыш мектебі оқушылардың 30%-дан астамы сырқаттанғанына байланысты 19 қарашадан бастап онлайн оқытуға көшірілді.
Айта кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы №6 қаулысына сәйкес:
Сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы ауырған жағдайда, сынып 7 күнге жабылады.
Мектеп бойынша сырқаттану 30%-дан жоғары болса, оқу процесі толық қашықтан оқыту нысанына ауыстырылады.
Көпшілік іс-шаралар мен кабинеттік оқыту жүйесі уақытша тоқтатылады.
Өңірде тұмаудың A H3N2 штаммы бойынша 66 жағдай тіркелген.
Білім басқармасы ата-аналарды, педагогтерді және тұрғындарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға, балалардың денсаулығына барынша мұқият болуға шақырады.
Барлық шектеулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






