жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құландық кәсіпкер ауылда өндіріс орнын ашты

Құландық кәсіпкер ауылда өндіріс орнын ашты
Фото: Jambylinfo.kz
Кәсіпкер болашақта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр

Т.Рысқұлов ауданында «Ауыл аманаты» жобасы нақты нәтижесін беруде. Құлан ауылының тұрғыны, кәсіпкер Марат Алғашбек мемлекеттік қолдау аясында 9,2 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, газоблок шығаратын өндірістік цех ашты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жоба нәтижесінде бірнеше ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Марат Алғашбектің айтуынша, қазіргі таңда өнімге сұраныс жоғары, сондықтан ол өндірісті кеңейтіп, қосымша пластик терезе мен есік шығаруды қолға алған. Бұл қызмет түрлеріне де ауыл ішінде қажеттілік мол.

Айта кетейік, бүгінде Т.Рысқұлов ауданында «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте жүзеге асырылып, оның аясында 847 адам жеке кәсіпкерлік нысаны ретінде тіркеліп, 863 тұрғын жұмыспен қамтылған.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар