Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек: Жамбыл облысында 38 ұйым қызмет көрсетуде
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 тамыз, 2025
- 422
Жамбыл облысында 4 мыңнан астам адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгінде өңірде 38 ұйым лицензия алып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде. Оның ішінде 22-сі - мемлекеттік мекеме, 16-сы - үкіметтік емес ұйым. Қызмет алушылардың жалпы саны — 4 317 адам.
Лицензияланған ұйымдардың 7-сі толық стационарлық, 15 - і жартылай стационарлық, 4 - і уақытша болу, 14 - і үй жағдайында қызмет көрсетеді.
Белсенді үкіметтік емес ұйымдар қатарында “Мүгедектігі бар жастар қоғамы”, “Сезім мүгедектер қоғамы”, “Жамбыл облысы мүгедектерді әлеуметтік қорғау” қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ Элай-Құлан, Амина, Жуалы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығы бар.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсеткісі келетін жаңа ұйымдар ең алдымен штатын жасақтап, талапқа сай ғимарат, қажетті құрал-жабдық, медициналық лицензияларға ие болуы тиіс.





