сәрсенбі, 6 мамыр, 2026 9:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Меркі ауданында Қали апа музей-үйі ашылды

Меркі ауданында Қали апа музей-үйі ашылды
gov.kz
Тағылымы мол шара Қали ананың өмірінен сыр шертетін сахналық көрініспен басталып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Меркі ауданына қарасты Қызылсай ауылында ел ішінде «Қара кемпір» атанған Қали ананың жұрты жаңғыртылып, «Қали апа музей-үйі» ретінде салтанатты түрде ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тағылымы мол шара Қали ананың өмірінен сыр шертетін сахналық көрініспен басталып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, Меркі өңірінің тумасы, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, актер әрі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және сот саласының ардагері Мұсабек Әлімбеков қатысты. Сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, зергер-реставратор Берік Әлібаев, Қырғыз Республикасынан арнайы келген делегация және ауыл тұрғындары да шараның куәсі болды.

Жиында Ерлан Жүнісбай мен Ербол Жиенқұлов Қара кемпір ескерткішінің орнатылуына бастамашы болған Алтынбек Қоразбаев пен музейді қалпына келтіріп, жаңғыртуға үлес қосқан Берік Әлібаев еңбегін ерекше атап өтті.

Аудан басшысы аталған азаматтарға «Меркі ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісін табыстап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ Қырғыз елінен келген делегацияны бастап келген Бақтияр Ашакеев, Алтынбек Қоразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов және Мұсабек Әлімбеков сөз сөйлеп, шараның рухани маңызына тоқталды.⠀

Ауыл тұрғындары да игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс білдірді. ⠀

Шара соңында қатысушылар музей ауласындағы Ұлы Отан соғысы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңартылған музей экспозициясымен танысты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар