Мойынқұмда алимент төлемеген борышкерге үкім шығарылды
Оның қарыз соммасы 6 млн теңгені құраған
Мойынқұмда «әдейі» алимент төлемеген борышкерге үкім шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мойынқұм ауданы прокуратурасының талдау нәтижелерімен балаларын асырауға алимент төлеуден әдейі жалтырған борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелген.
Борышкер 2021 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін тиісті қорытынды жасамай, өзінің нақты кірістерін бейресми жұмысқа орналасу арқылы жасырып, алимент төлеуден жалтыруды жалғастырған. Қарыз соммасы 6 млн теңгені құрады.