Мырзатай ауылында мәдениет ошағы ашылды
Салтанатты шараға көпшілікпен бірге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты
Бүгін Мырзатай ауылдық округінде 120 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өз кезегінде облыс әкімі ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтап, өңірдің мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Бұдан соң жаңа нысанның лентасы қиылып, қонақтар мен ауыл тұрғындары соңғы үлгідегі озық технологиямен жабдықталған мәдениет ошағымен танысты.
Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі КММ-сі тапсырысы аясында құрылысын мердігер «Ник Тараз» ЖШС жүргізген ғимараттың жобалық құны 266 911,5 мың теңгені құраған. Онда 6 қызметкер, 4 үйірме яғни, «Сымбат» ән үйірмесі, «Аяулы әжелер» үйірмесі, «Сөз патшасы» мәнерлеп оқу үйірмесі, «Балауса» би үйірмесі жұмыс істейді. Жалпы аумағы 547 м² құрайтын нысан елді мекендегі тұрғындардың игілігіне қызмет көрсететін болады.