Жамбыл жаңалықтар

Қордай ауданында су үнемдеу технологиялары тиімді іске асырылуда

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

 Қордай ауданында су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында нақты жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қайнар ауылында 3 800 гектар алқапты қамтитын суару жүйесін кеңейту жобасы іске асырылды. Жоба нәтижесінде шаруалар суға уақытылы және толық көлемде қол жеткізіп отыр.

Аталған жоба аясында жылдық қуаты 5 миллион текше метрді құрайтын үш су сорғысы бар станция салынған. Сонымен қатар ұзындығы 8 шақырым болатын қысымды су құбыры тартылып, судың шығыны азайып, егістік алқаптар тұрақты сумен қамтылуда.

Бұл жоба су ресурстарын тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға оң әсерін тигізіп отыр.