Қордайдағы Үлкен Сұлутөр ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 қазан, 2025
- 294
Республика күні қарсаңында Қордай ауданының Үлкен Сұлутөр ауылында көптен күткен қуанышты оқиға болды - тұрғындарға арналған заманауи 90 орындық мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен және маңызды жаңалықпен құттықтады.
Шара барысында ауыл ақсақалы Мұқан Алтынбеков ақ батасын беріп, игі тілегін жеткізді. Рухани орданың қызыл лентасы аудан әкімімен бірге ауыл ақсақалы Болат Жұрынов пен мәдениет саласының ардагері Людмила Насырованың қолымен қиылды.
Бір қабатты жаңа ғимаратта мәдени-көпшілік шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Кең сахна, көрермендер залы, үйірме бөлмелері ауыл өнерпаздарының шығармашылығын шыңдауға жол ашады.
Айта кетейік, жобаның тапсырыс берушісі – Қордай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі болса, құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Астанаэнергомастер» ЖШС сапалы әрі мерзімінде орындап шықты.
Жаңа мәдениет үйі ауыл халқының рухани тынысын кеңейтіп, шығармашыл жастардың орталығына айналары сөзсіз. Бұл елді мекеннің әлеуметтік және мәдени өміріндегі жаңа белес.






