бейсенбі, 2 сәуір, 2026 18:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Полиция барысы – 2026»: Тәртіп сақшылары боз кілемде белдесті

«Полиция барысы – 2026»: Тәртіп сақшылары боз кілемде белдесті
Фото - ашық дереккөз
Ауқымды спорттық іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған 26 команда 300-ге жуық үздік спортшылары қатысуда.

«Тараз-Арена» спорт сарайында ҚР Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты және «Полиция барысы – 2026» республикалық турнирі басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жарыстың ашылу салтанатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бағдарламаға сәйкес, бүгін жарыстың алғашқы белдесулері басталып, алдағы күндері тартысты финалдық кездесулер ұйымдастырылады. 

Сайыс 3 сәуір күні өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізіледі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар