бейсенбі, 25 желтоқсан, 2025 22:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Тараздағы әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды

Президент Тараздағы әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент жамбылдықтармен кездесуінде Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

- «Мен бүгін Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын. Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек. Үкімет бұл мәселені пысықтайды. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет», - деді президент. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар