жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Психопрофилактикалық іс-шара өткізілді

Психопрофилактикалық іс-шара өткізілді
Фото - ашық дереккөз
Аталған іс-шараға мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысты

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің бастамасымен “Құқықтық тәртіп” режимдік бақылау бағдарламасы аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 PM мекемесінде кезекті психопрофилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Суицидтің алдын алу және қасақана тәртіп бұзушылықтарды болдырмау жұмыстарын жүргізу барысында сотталғандардың туыстарын, өңірлік қоғамдық кеңес (ӨҚК) өкілдерін, Ұлттық превентивтік механизм (ҰПМ) қатысушыларын, сондай-ақ азаматтық сектор психологтарын, үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ), қоғамдық қорларды (ҚҚ), қоғамдық бірлестіктерді (ҚБ), жоғары оқу орындарын (ЖОО) және ҚАЖ департаменті жанындағы Қамқоршылық кеңесін тарту көзделген. Бұл шаралар сотталғандардың көңіл-күйін реттеуге, оң ықпал етуге және заңға бағынатын мінез-құлықты ынталандыруға бағытталған.

2024 жылы өтеусіз негізде жасалған Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум талаптарына сәйкес, Жоғары оқу орнының аға оқытушы-психологы Маханова Айгүл Нұрланқызы 2025 жылғы 13 қарашада суицидтің алдын алу тақырыбында оқу-тәрбиелік іс-шара (сабақ) өткізді.

Аталған іс-шараға мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысты. Сабақ соңында сотталғандар өткізілген шараға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар