жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысуда заңсыз берілген жер телімдері анықталды

Сарысуда заңсыз берілген жер телімдері анықталды
Жамбыл облысының прокуратурасы
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді

 Жамбыл облысында Сарысу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 га болатын 5 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтады, , деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты.

2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда қызметін жүзеге асырмаған серіктестікке жер учаскелерін бергені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берілді, осылайша жайылым тапшылығы мәселесі азайды.

Прокуратура органдары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жердің пайдаланылуын қадағалауды жалғастырады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар