жұма, 26 желтоқсан, 2025 20:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шетел азаматы Қазақстанға атқа мініп темекі тасыған

Шетел азаматы Қазақстанға атқа мініп темекі тасыған
Фото - ашық дереккөз
Кінәлі жауапкершілікке тартылды

Жуалы ауданындағы шекарада Қырғыз азаматы контрабандалық өнімді заңсыз алып өтіп жатқан кезінде ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Көрші елдің азаматы сот отырысында кінәсін толық мойындап, тиісті жазасын алды. 

- Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 283-бабының 2-бөлігі (Таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы) және ӘҚБтК 514-бабының 2-бөлігі (Шетелдік азаматтың мемлекеттік шекара режимін бұзуы) бойынша азамат С.-ға қатысты 2 әкімшілік істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы қарашада түнгі уақытта Жуалы ауданының шекара қызметінің қызметкерлері Қазақстан аумағына атпен контрабандалық темекі тартуға тырысқан Қырғызстан азаматын Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өту барысында ұстаған. Құқық бұзушыны тексеру кезінде «ORIS» маркалы 2 мың қорап темекі табылған. Сот отырысында құқық бұзушы өкініп, кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен С. кінәлі деп танылып, оған ҚР шегінен шығарып, темекі өнімі мен атты мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 137 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, - деп мәлімдеді аудандық сот. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.
 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар