жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу ауданында аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды

Шу ауданында аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды
ІІМ
Тәркіленген зат жалпы салмағы 915 грамм гашиш есірткі заты болып шықты

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетімен және «Сұңқар» арнайы бөлінісінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Санкцияланған тінту барысында Шу қаласының 60 жастағы тұрғынының тұрғын үйінде, оған іргелес аумақта және шаруашылық құрылыстарында, ауладағы бастырманың астынан полиция қызметкерлері мен Хэппи есімді қызметтік ит диван жиhазының артына жасырылған қара түсті полиэтилен пакет тапты.

- Пакет ішінен өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 915 грамм гашиш есірткі заты болып шықты. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген ПД хабарламасында. 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар