жұма, 3 сәуір, 2026 21:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу ауданында жаңа спорт нысаны ел игілігіне берілді

Шу ауданында жаңа спорт нысаны ел игілігіне берілді
Фото - Jambylinfo.kz
Салтанатты рәсімнен кейін нысан аумағына көшет отырғызылды

Бүгін Шу ауданындағы Бірлік ауылында жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Игі шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ляззат Шыңғысбаева, сонымен қатар ауыл тұрғындары қатысты. 

Тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы заманауи ангар типтегі жаңа спорт нысанының ашылуы – өңіріміздің әлеуметтік дамуы жолындағы нақты нәтижелердің бірі екенін жеткізді.

- «Қазіргі таңда облысымызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 514 мыңнан асып, тұрғындардың 44,8 пайызын құрап отыр. Жыл ішінде облыста 13 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен, ал бір бөлігі демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін қосымша 11 нысанды пайдалануға беру жоспарланған», – деді Ербол Шырақпайұлы.


Бұдан кейін «Қазақстан халқы» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ляззат Шыңғысбаева сөз алып, жаңа модульді спорт зал моноқаланың барлық жас тұрғындары үшін спорт пен салауатты өмір салтын дамытатын орталыққа айналатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, қоғамдық қор Әулиеата өңірінде жалпы құны – 12,6 миллиард теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асырып жатыр. 
 

- «Біз тұрғындарға жайлы өмір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік салаға көптеп көңіл бөлеміз. Игі бастамалар алдағы уақытта да лайықты жалғасын табатын болады», – Ляззат Алтынбекқызы.

 

Мұнан соң жиналғандар нысанның ішін аралап, спортпен айналысушыларға қарастырылған мүмкіндіктермен танысты.

Салтанатты рәсімнен кейін нысан аумағына көшет отырғызылды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар