бейсенбі, 23 сәуір, 2026 21:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сотталған азаматтарға арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті

Сотталған азаматтарға арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті
Фото - ашық дереккөз
Шара соңында белсенділік танытқан сотталған азаматтарға марапаттар мен кітаптар табысталды.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталған азаматтарға арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған кездесуге «Ақниет» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі, сондай-ақ дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Дәлелхан Оспанов арнайы қатысып, жазасын өтеушілермен кездесу өткізді. Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, сондай-ақ дұрыс діни түсінік қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Шара соңында белсенділік танытқан сотталған азаматтарға марапаттар мен кітаптар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жазасын өтеушілердің ой-санасын жаңғыртып, олардың қоғамға дұрыс бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар