"Супер бетсіздер": Сатирик Мұхтар Шерімнің жаңа кітабы таныстырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2025
- 218
Тараз университетінің залында сатирик, Халықаралық “АЛАШ” сыйлығының лауреаты Мұхтар Шерімнің «Супер бетсіздер» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара барысында қаламгер өзінің соңғы жазбаларымен бөлісіп, жастармен ашық әңгіме құрды. Кездесуде жазушының шығармалары кең талқыға түсті. Жиналған жастар сатира жанрымен жақынырақ танысып, қазақ сатирасының саңлағымен бетпе-бет сұхбаттасты.
- Биыл мен «Супер бетсіздер» атты, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бергі тұңғыш сатиралық романды жаздым. Бұл кітапты бір жағынан таныстырылым десе де болады, екінші жағынан оқырманмен қауышу деп те айтуға болады. Ал биыл «Ақылды ақымақтар» атты екінші кітабым жарық көрді. Құдай қаласа, келесі жылы бұл туынды кітап сөрелерінен орын алады деп үміттенемін. Сонымен қатар менің сатиралық әңгімелерім шетелдің бірқатар журналдары мен сайттарында жарияланып келеді , - деді сатирик - жазушы Мұхтар Шерім
Жиынға жергілікті зиялы қауым өкілдері, университет жастары мен кітапсүйер қауым жиналды.

-Біз Мұхтар Шерімді жақсы білетінбіз, әрі оның сатирасына қанығып өстік десек, артық айтқандық емес. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын өздеріңіз білесіздер — заман алмағайып болып кетті, адамдар базар аралап, жұмыс жоқ дегендей күй кешті. Сонда адамды құтқаратын не? Адамды құтқаратын — күлкі. Абай айтпақшы: «Ойын арзан, күлкі қымбат» дейді. Бірақ бұл — жай ғана жеңіл күлкі емес. Бір қарағанда жеңіл сияқты көрінгенімен, оның астарында үлкен мән, ауыр салмақты ой жатады, - дейді сатирик-ақын Бақытжан Советұлы
Айта кетейік осы уақытқа дейін сықақшының "Бюрократпен қоштасу", төрт томдық: " Талтайып тұрғым келеді", "Ымбаппа", "Кешіріңіз, сіз есек емессіз", "Быт-шытыңызды шығарамын атты кітаптары жарық көрген.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






