сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025 21:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Т. Рысқұлов ауданында Жастар ресурстық орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді

Т. Рысқұлов ауданында Жастар ресурстық орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді
Бұл туралы аудан әкімі жеке парақшасында жазды

Т. Рысқұлов ауданында Жастар ресурстық орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңадан пайдалануға берілген жастар ғимаратында Ернар Есіркепов еркін форматта кездесу өткізіп, Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан абыройын асырып келе жатқан бірқатар жастарды марапаттады.

- Осы тұста, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ облыстық филиалының балансында болған ғимарат Мәжіліс депутаты Гүлдара Алданышқызының қолдауымен ауданның коммуналдық меншігіне өтіп, толықтай жөндеуден өткізілгендігін және бүгінде бұл нысан жастардың басын қосатын, тың бастамалар мен нақты жобалар жүзеге асатын орталыққа айналып отырғандығын атап өту қажет, - деп жазды әкім. 

Кездесу барысында жастармен ауданда спортты дамыту, зияткерлік іс-шараларды көбейту, жұмыспен қамту, еріктілік қозғалысын жандандыру мәселелері ашық талқыланып, жастардың ұсыныстары назарға алынды.

- Жастарға жасалған әрбір мүмкіндік – ауданның ертеңіне салынған инвестиция екендігі анық. Алдағы уақытта да олардың әлеуетін толық ашуға және бастамаларын жүйелі қолдауға басымдық берілетін болады, - деді Ернар Есіркепов. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар