Түзеу мекемесінде адамгершілікке тәрбиелейтін шара өтті
Ұйымдастырушылар аталған жиын сотталғандарға пайдасын тигізетінін айтты
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде ҚАЖК-нің нұсқауына сәйкес сотталған азаматтарға «Томирис» көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыру, тарихи санасын қалыптастыру және отансүйгіштік қасиеттерін нығайту. Кино көрсетілім барысында көрермендер қазақ халқының тарихындағы маңызды кезеңдермен танысып, ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік пен батырлықтың маңызын ұғынды.
Мекеме әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізуіне, сондай-ақ олардың мәдени-танымдық деңгейін арттыруға оң әсерін тигізді.