жұма, 17 сәуір, 2026 21:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түзеу мекемесінде суицидтің алдын алу бойынша тренинг өтті

Түзеу мекемесінде суицидтің алдын алу бойынша тренинг өтті
Фото - ашық дереккөз
Аталған іс шара арнайы континент арасындағы  профилактикалық есепте тұрған сотталғандармен деструктивті іс-әрекеттердің алдын алуға және қоғамға ой өрісі дұрыс сотталған азаматарды  шығаруға бағытталған.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық  тәрбие жұмысы бөлімінің психолог мамандарымен,  М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінің магистр психологы А.Т. Абдрахмановамен бірлесіп профилактикалық есепте тұрған сотталғандармен "Өмірдің құндылықтары неде және  суицидалдық бағыттың алдын алу" атты  тақырыпта тренинг өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 

Қазіргі қоғамда "суицид" бірінші орынды алатын өзекті мәселелердің бірі, әсіресе сотталғандардың арасында жиі кездеседі. Темір тордың ар жағында отырып " өмірімнің мағынасы жоқ", "маған енді ешкім сенбейді" т.с.с. ойлар жиі мазалауы  мүмкін.

 

Сотталған азаматтар арасында өмірдің мәнін жоғалту, үмітсіздік сезімі жиі кездеседі, ал мұндай ойлар суицидке тікелей апаратын факторлар болып табылады. Тренинг барысында сотталғандармен практикалық жүзінде "менің бес кұндылығым", "менің есімімнің  тарихы" атты жаттығулар өткізілді. Олар  өз ойларымен ашық бөлісіп, сезімдерін шығарып ортаға салды, жаксы әсерлерімен бөлісті.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар