Түзеу мекемесінде тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды
Шара Нельсон Мандела қағидаттарына негізделген
ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің бастамасымен сотталған азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адам құқықтары жөніндегі халықаралық қағидаларды түсіндіру және құқықтық санасын арттыру мақсатында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде Нельсон Мандела қағидаттарына негізделген тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мекеменің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің бастамасымен, әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің мамандарымен бірлесе, адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттар, гуманизм, төзімділік және тұлғалық даму мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында сотталғандар арасында “Адам құқығы және Мандела қағидаттары” тақырыбында плакат және сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, адам құқықтарының маңызын визуалды түрде жеткізу және ғылыми-танымдық ой-өрісін кеңейту. Әрбір қатысушы Мандела қағидаттарын өз түсінігі бойынша бейнелеп, адамгершілік, құқықтық жауапкершілік пен ерік-жігер тақырыптарын көркемдік формада көрсетті.
Қорытындысында, аталған іс-шара сотталған азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға, ішкі мотивациясын күшейтуге және тұлғалық дамуына оң ықпал етті.