Жамбыл жаңалықтар
Түзеу мекемесінде «Қысқы спартакиада - 2023» спорттық шарасы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 20 ақпан, 2023
- 908
Түзеу мекемесінде «Қысқы спартакиада - 2023» спорттық шарасы өтті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында «Қысқы спартакиада - 2023» спорттық шарасы өтті. Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаевтың тікелей бастамасымен ұйымдастырылған жарыс барысында жазасын өтеушілер қол күресі, арқан тарту, дойбы, кермеге тартылу мен шағын футбол сынды спорттың бірнеше түрінен өзара сынға түсті.
- Іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. Бүгінгі шара аясында жазасын өтеуші азаматтар өздерін сергек сезініп, көтеріңкі күймен аяқтады, - деді Нұржан Қайратұлы.
Айта кетейік, шара соңында жарысқа белсенді қатысқан сотталған азаматтарға мекеме басшылығы тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбылда қарулы қылмыскер ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026