Жамбыл жаңалықтар

Талас ауданында «қылмыс және жаза» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шара соңында оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, заң мен әділдікті құрметтеудің қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне ерекше тоқталды

  Жамбыл облысы Талас ауданында Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте «Қылмыс және жаза» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға бағыну мен азаматтық жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты дамыту болды.

Кездесу барысында оқушылар мен ұстаздар қылмыс пен жазаның өзара байланысы, адам құқығы, әділдік және ар-ождан ұғымдары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың себептері мен салдары, оның қоғам дамуына тигізетін әсері жан-жақты талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, сондай-ақ құқықтық нормаларды күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.