Жамбыл жаңалықтар

Тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жаз мезгілінде жиі кездесетін тамақтан уланудың және күннің аптап ыстығынан туындайтын қауіптердің алдын алу мәселесіне арналған брифинг өтті.

Брифинг барысында департамент басшысының орынбасары Салтанат Қордабайқызы тамақтан улану мен аптап ыстықтың зардаптарынан сақтану жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол сонымен қатар тағамнан уланудың түрлеріне де тоқталды:

Баспасөз жиынында аптап ыстық мәселесі де назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар, журналистер тарапынан: "Қазір жаз мезгілі. Балалар мен ересектердің суға шомылатын орындарға – бассейндерге баруы жиілеп тұр. Бұл нысандарда санитариялық талаптар қалай сақталуда?" деген сауал қойылды.

Бұл сұраққа жауап берген Салтанат Қордабайқызының айтуынша, департамент былтыр, яғни 2024 жылы жоспарлы түрде тек бір ғана бассейнді тексерген. Ал 2025 жылға арналған жоспарлы профилактикалық тексерулер қатарына бар болғаны төрт бассейн енгізілген

Салтанат Қордабайқызының айтуынша, бүгінгі күнге дейін бассейндерге қатысты департаментке ешқандай ресми шағым түспеген. Осы себепті жоспардан тыс тексеру де жүргізілмейді.